Эльжана Таниева Халықаралық жарыста үш медаль иеленді

06 қазан 2021, 15:38

Ресей астанасы Мәскеуде көркем гимнастикадан Olympico Cup - 2021 халықаралық турнирі аяқталып, қазақстандық Эльжана Таниева үш медаль иеленді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Жекелеген жаттығулар бойынша финалда бақ сынаған Таниева үш қола медаль жеңіп алды. Ол ресейлік спортшылар Дина мен Арина Авериналарға ғана есе жіберген.

 

Айта кетелік, көпсайыс қорытындысы бойынша да Эльжана Таниева үздік үштікке енген болатын.