Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Еліміз Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында үздік үштікке енді

08 тамыз 2022, 09:45

Үндістанның Ченнай қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында Қазақстан әйелдер құрамасы үшінші орынға көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Құрама тоғызыншы турда Болгарияны 3:1 есебімен жеңгеннен кейін үшінші орынға шыққан. Жансая Әбдімәлік пен Гүлісхан Нахбаева жеңіске жетсе, Бибісара Асаубаева мен Ксения Балабаева тең түсті. Қазір командада жеті жеңіс бар. Бұған дейін қазақстандық әйелдер құрамасы турнир кестесінде алтыншы орында еді.

Ерлер құрамасы Сербиядан жеңілді - 1:3. Мұртас Қажғалеев пен Арыстанбек Оразаев тең түссе, Ринат Жұмабаев пен Әлішер Сүлейменов жеңілді. Қазақстан үшін бұл қатарынан екінші және турнирдегі үшінші жеңілісі. Кездесу алдында қазақ шахматшылары 12-орында болды. Қазір олар 25-орынға түсіп қалды.

Тоғызыншы турдан кейін әйелдер құрамасы арасында турнирлік кестеде бірінші орында Польша, ал Үндістан екінші орында. Ерлер құрамасы арасында біріншілік Өзбекстанға тиесілі болса, Үндістан екінші, Армения үшінші орында.

8 тамызда Қазақстан әйелдер құрамасы олимпиада қожайындары - Үндістанмен ойнайды. Ерлер құрамасы 27-орындағы Хорватиямен ойнайды.

Tengrinews.kz.