Еліміз Сурдлимпиада-2022 ойындарында алғашқы алтынды жеңіп алды

05 мамыр 2022, 13:06

Медальдық есепте Қазақстан құрамасы 12-орында.

Қазақстан Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өтіп жатқан 24-ші жазғы сурдлимпиадалық ойындарда алғашқы алтынды жеңіп алды,  деп хабарлайды Vesti.kz.

Оны ұлттық құраманың қоржынына дзюдошы Еркебұлан Қанафин салды. Қазақстандық алғашқы ойында спортшы Оңтүстік Кореялық Ким Мин-сокты жеңді. Ал жартылай финалда Франциядан келген басты фаворит Рафаэль Кубеликті нокаутқа жіберді.

Қазақстанда барлығы жеті медаль бар. Алтын, екі күміс және төрт қола. Медальдық есепте Қазақстан құрамасы 12-орында. Бұл жарыста Украина көш бастап тұр.