Спорт

Еліміздің жұлдыздары барғысы келмеген балалар үйіне Хабиб барды

  • Еліміздің жұлдыздары барғысы келмеген балалар үйіне Хабиб барды

    Еліміздің жұлдыздары барғысы келмеген балалар үйіне Хабиб барды

UFC чемпионы Хабиб Нұрмағамедов Қарағандыдағы балалар үйіне барып, балалардың арманын орындады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.


Осыған дейін Хабиб Нұрмағамедов қарағандылық жігіттің арманын орындап, Қарағандыға баратынын айтқан. Ол кеше Қарағандыдағы "Таңшолпан" балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесті.



Хабибты қонаққа шақырған Александр есімді жігіттің айтуынша, чемпион өзіне ерекше назар аудартқысы келмегендіктен алдын ала ескертусіз, жасырын түрде келген. Тіпті оның келетінін 20 минут бұрын ғана біліпті.


Хабиб балалар үйінің тәрбиеленушілерін спортпен айналысуға шақырған. Сондай-ақ чемпион Александрдың анасының дүкеніне барып, танысып, шоколад алған.



 


"Мен қазақстандық танымал жұлдыздарға балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесіп, оларға "ақыл-кеңес айтыңыз", деп бірнеше рет шақырту жасағанмын. Алайда көбісі менің ұсынысымды қабыл алмады. Келгісі келмеді. Әке-шешесі жоқ балалар үшін танымал адамдармен кездесу арман екенін білесіздер ме? Олармен кездесу олардың шабытына шабыт қосып, жақсы адам болуына зор ықпалын тигізер еді. Бөтен бала деуге болмайды. Себебі бәрі біздің балаларымыз, бауырларымыз. Мен оларға өзімнің бауырларым, қарындастарым ретінде қараймын. Балалардың өмірін жақсартып, аяқтарына нық тұрғанын қалаймын", дейді Александр Корогодов.


Дайындаған: Әсел Болатқызы


«Қамшы» сілтейді




Көрілген: 613    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 28.01.2019, 12:17

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31