Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Еліміздің ұлттық құрамасы Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасын жеңіспен бастады

30 шілде 2022, 16:53

Қазақстандық шахматшылар Үндістанның Ченнай қаласында өтіп жатқан шахмат Олимпиадасын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Sports.kzбасылымы.

Басылымның хабарлауынша, Жансая Әбдімәлік, Бибісара Асаубаева, Ксения Балабаева, Гүлісхан Нахбаева және Назерке Нұрғали өнер көрсететін Қазақстан әйелдер құрамасы Гватемала құрамасын 4:0 есебімен ұтқан.

Екінші турда біздің қыздар Бельгия құрамасымен кездеседі. 

Құрамында Ринат Жұмабаев, Әлішер Сүлейменов, Мұртас Қажағалеев, Арыстанбек Уразаев және Қазыбек Нөгербек бар ерлер құрамасы Қытайдың Тайпей командасына қарсы ойнап, 3:1 есебімен жеңіске жеткен. 

Екінші турда ерлер құрамасы Тәжікстан шахматшыларымен ойнайды.

Sports.kz