Спорт

Еңбекақы төленбеді деп шағымданған ауыр атлеттердің айлықтары қанша екені айтылды

  • © olympic.kz

    © olympic.kz

Жарты жыл айлық алмадым деп шағымданған ауыр атлетикадан Олимпиада чемпионы Нижат Рахимов кейінгі бес айда төрт миллион теңгеден аса еңбекақы алған. Vesti.kz редакциясының сауалына Дене шынықтыру және спорт комитеті берген жауабында осылай делінген.

 

Еске салайық, айлық алмай отырғандарына Қазақстан құрамасы түгелдей шағым жасаған болатын. Рахимовтан бөлек бұл жайында 2016 жылғы Олимпиада жүлдегерлері Карина Горичева пен Денис Уланов, 2019 жылғы ӘЧ жүлдегері Игорь Сон, түрлі турнирде жүлдегер болған Ибрагим Берсанов, Айдар Қазов пен Рүстем Сыбай да айтқан.

 

Федерация спортшылар жариялаған роликтерге қатысты пікір білдірді. Алайда спортшылар бұған қанағаттанбай Федерацияны тағы бір мәрте міндетін орындауға шақырды.

 

Осыған байланысты Vesti.kz Дене шынықтыру және спорт комитетіне аталған спортшыларға биыл қанша сома төленгені туралы сауал жолдады. Оның жауабы бойынша спортшылар қаржылай қиындыққа ұшырамаған сияқты.

 

Нижат Рахимов - 4 250 000 теңге (айына орташа 850 мың теңге);

Денис Уланов - 2 250 000 теңге (айына орташа 450 мың);

Игорь Сон - 1 250 000 теңге (айына орташа 250 мың);

Карина Горичева - 1 000 000 теңге (айына орташа 200 мың);

Ибрагим Берсанов - 823 868 теңге (айына орташа 164 773 мың);

Айдар Казов - 795 701 теңге (айына орташа 159 140 мың);

Рустем Сыбай - 778 801 теңге (айына орташа 155 760 мың)", - делінген хабарламада. 




Көрілген: 1144    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.06.2020, 15:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30