Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ереваннан – жеті жүлде

19 сәуір 2011, 10:52

Арменияның астанасы Ереванда бокстан халықаралық турнир аяқталды. Бұл сын­ға еліміздің беткеұстар бокс­шы­ларының барлығы қатысып, төрт алтын, бір күміс және екі қола медаль олжалап қайтты.
Ереванға барған ұлттық құрама са­пын­дағы 52 келі салмақтағы ел чемпионы Әли Байбозовтан басқа құрама мүшелерінің бар­лығы жүлдеге ілінді. Гуанжоуда өткен Азия ойындарынан кейін алғаш рет шаршы алаңға шыққан құрама үздігі Серік Сәпиев 69 келі салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленді. 81 келі салмақтағы Асқар Абул­лаев та бірінші орынға ие болды. Сол секілді 91 келіде және аса ауыр салмақта өнер көрсеткен Василий Левит пен Иван Дычко да жеңіс тұғырының ең биік саты­сына көтерілді.
Ал 60 келі салмақтағы Ғани Жайлауов екін­ші орын алды. Ол финалда шаршы алаң иесінен бір ұпай айырмашылығымен ұтылып қалды. 49 және 75 келі салмақтағы Біржан Жақыпов пен Данабек Сужанов жар­тылай финалда еревандық бокс­шыларға төрешілердің көмегімен ұтыл­ды.
Ұлттық құраманың бас бапкері Мыр­за­ғали Айтжанов: «Жігіттердің өнерлеріне тәнті болдық. Бұл турнирге алыс-жақын шетелдердің үздік боксшылары келген. Біздің жігіттер барын салды. Шынын айту керек, жеті бірдей боксшымызды финалға шығып кетеді деп қауіптенген турнир қо­жайын­дары көпе-көрінеу Біржан мен Данабекті жығып берді. Сонымен қатар Ға­нидың да бірер ұпайын есептемей тас­тады. Әйтпегенде елге жеті алтын медаль­мен оралатын едік. Қазір бәрі жоспар бойын­ша өтіп жатыр. Ең бастысы, биылғы Бакудегі әлем чемпионатына жан-жақты дайын­да­лып, боксшыларымызды лайықты дең­гей­де әзірлеп барсақ болғаны», – деді.