Спорт

Еркін күрестен Қазақстан құрамасы бапкерінің кеңесшісі коронавируске шалдықты

  • https://kaz.vesti.kz/

    https://kaz.vesti.kz/

Қазақстан құрамасы бас бапкерінің кеңесшісі Майрбек Юсупов коронавирус жұқтырды. Бұл туралы ҚР панкратион федерациясының президенті Сағындық Мекеев мәлімдеді., - деп хабарлайды Vesti.kz.

 

"Суретте менің достарым, ағаларым Абдулманап Нурмагомедов пен Майрбек Юсупов. Өздеріңіз білесіздер, Абдулманап ауруханада жатқалы бір ай болды, ал жақында Қазақстан құрамасының еркін күрестен бас жаттықтырушысының кеңесшісі Майрбек те ауырып қалды. Бүгін оған қоңырау шалып, тез сауығып кетуін тіледім.

 

Бұл екі ұлы спортшы, жаттықтырушыдан тәлім алдым, өмір бойы тәлім алып келемін. Оларға тез арада сауығып кетулерін тілеймін", - деп жазды Мекеев.

 

64 жастағы Юсупов Қарағандыда дүниеге келген, бірақ күреспен Дағыстанда айналыса бастаған. 1977 және 1978 жылдары КСРО чемпионы болған, ал 1979 жылы командалық Кубоктан "алтын" және жекеден "күміс" жеңген.

 

Ресейдің еңбек сіңірген бапкері Юсупов 2017 жылы Қазақстан құрамасының кеңесшісі болды. Бұған дейін ол ұзақ жылдар бойы Ресей ұлттық командасының аға жаттықтырушысы болып жұмыс істеген. 




Көрілген: 267    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.06.2020, 09:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31