Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ертіске ерекше алаң орнатты

09 маусым 2011, 10:59

Семейдің жағалауында ерек­ше спорт алаңы пайда болды. Оған қаладағы билік­тің еш қатысы жоқ. Оны қара­пайым автокраншы орнатты. Берікхан Жұмәділов бос жүрген жастардың бойын­дағы тасы­ған күшін қайда жұм­сар­ын білмей жүр­гендерін қан­ша рет байқаған. Көрген сайын қалың ойға шомыпты. Ақы­ры Ертіс жағасына спортпен шұ­ғылданатын құралдар орнатты. Оның ішінде зілтемір, әткеншек, сырғанайтын төбешік бар.
Енді сол маңда тұратын жастар тек бұлшықеттерін жаттықтырып қоймай, сәкіде отырып әңгіме-дүкен құруға мүм­кіндік алды. Берікхан үшін әсіресе алып баспалдақ орнату ең қиын жұмыс болыпты. Бұл үшін қанша уақыт пен қыруар материал жұмсалған. Қазір осы баспалдақ арқасында жергілікті халық өзенге қарай еш қиындықсыз баратын болды. Өйткені бұған дейін Ертіс жағалауына түсе беріс жерде күл-қоқыстан аяқ алып жүру мүмкін болмайтын. Енді тұрғындар темір бас­палдақ арқылы өзенге шомылуға, соған қоса табиғат аясында тыныстауға зор мүм­кіндік алды.
Жалпы, құрылыс барысы мен маңайды көркейтуге қанша қаржы жұмсалғанын автокраншы есептемепті. Айтуынша, табан ет пен маңдай тердің арқасында салынған құрылыс арзанға түспеген. Өкініштісі сол, алаңды кей күндері бұзақылар талқандап кетіп жатыр. Берікхан болса оны қайта қалпына келтіріп әлек.
Берікхан ЖҰМӘДІЛОВ, автокраншы:
– Күнде таң сәріден тұрып, алаң­ның айналасын сыпырамын, жинаймын. Сәкілердің түгелін түнде келу­ші­лер ластап кетеді. Сондықтан күн са­йын бұл жерді жуып, жинауыма тура ке­леді. Демалып, жақсы уақыт өткізетін жер екенін әлі түсінбей жатыр. Осының барлығы халық үшін жасалғанын ұқса ғой келушілер.
Берікхан осымен тоқтамақ емес. «Ертіс жағасына ауқымды күркеше орнат­сам» деген жоспары бар. Ондағы ойы – жұмыстан қайтқан адамдар сол жерге келіп, емін-еркін демалса деген ниет. Автокраншы жігітті көршілері де қолдап отыр. Олар қол ұшын беруге әзір екенін де жасырмады. Тек Берікхан қолға алған игі іске биліктің бишігі кедергі келтірмесе жарар еді. Құрылысшы жігіт соңғы кездері қатты алаңдайтын болған. Айтуынша, егер жергілікті шенділерге оның осынша еңбегі ұнамаса, орнатқан нәрсенің барлығын бұ­зу­ға тура келеді...