Еуропа Ресей мен Украина спортын оқшаулауға көшкен секілді
Бұл күндері түрлі спорт федерациялары Украина мен Ресейді өз мүшелігінен шығару туралы кеңестер өткізіп жатыр дейді «Алаш айнасы» газеті.
Халықаралық волейбол федерациясы (ФИВБ) да бұл екі елді өз мүшеліктерінен шығарып жіберуі мүмкін. Бұл да ФИВБ-ның кезектен тыс жиналысында қаралған басты мәселе болған. Дегенмен, нақты шешім әлі бекітілмеген. Ал, волейболдан Украинаның 13 дүркін чемпионы, 2004 жылғы Еуропа кубогінің жеңімпазы харьковтық «Локомотив» командасы Ресей біріншілігінен бас тартқан. Бұл туралы ақпарат клубтың ресми сайтында жарияланды. «Маусымның ең қызған шағында біз Ресей біріншілігінде өнер көрсетуімізді тоқтататынымызды өкінішпен жеткіземіз. Мұндай қиын шешімді біз Украинадаға саяси жағдайларға байланысты қабылдадық», - делінген клубтың ресми сайтында.
ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарын абыроймен өткізген Ресей, енді Параолимпиадалық ойындарды соңғы саяси жағдайларға байланысты сәтті өткізеді деуге сену қиын. Олимпида ойындары барысында жалпы командалық есепте екінші орын алған Норвегия құрамасы алдағы Параолимпиадалық ойындарға қатыспауы мүмкін. Ол туралы Норвегия Ұлттық Олимпиада комитетінің (ҰОК) президенті Борре Роглиен хабарлады. «Қырым Қара теңізбен шекаралас екені белгілі. Сондақ-ақ Сочиде бұл теңізбен шекаралас жатыр. Біз Ресейдің сыртқы істер министрлігінен Сочидегі жағдайдың қалыпты екенін естідік. Дегенмен, ол қала Қырымға жақын болғандықтан кез-келген жағдайда күтпеген оқиға орын алуы мүмкін. Егер, Қырымдағы жағдай осылай ушыға беретін болса, Норвегия Параолимпиадалық құрамасы Сочиге бармайды», - дейді ол. Сонымен қатар Сочиге барудан бас тартып отырғандардың қатарында Финляндия, Канада, АҚШ-та бар.
Айтпақшы, Украинадаға жағдайға байланысты Украина мен АҚШ құрамалары арасындағы 5 наурыз күні өтетін жолдастық кездесу кейінге шегерілді. Бұл туралы Украина футбол федерациясының президенті Анатолий Коньков хабарлады. Сондай-ақ елдегі саяси тұрақсыздықтарға байланысты футболдан Украинаның екінші бөлігі басталмай тұр. Қазірдің өзінде қаржылық қиындықтарға байланысты «Металллист» командасы тарап кетудің аз-ақ алдында тұрса, «Черноморец» командасының бірнеше ойыншысы клубпен арадағы келісімшартарын үзген. Украина чемпионы Донецкінің «Шахтері» болса, өзінің көшбасшы ойыншыларын сақтап тұр әзірге. Бірақ, қанша уақытқа дейін сақтайтыны белгісіз. Оның үстіне «Шахтер» Еуропа Лигасынан да шығып қалды. Сырт алаңда «Виктория» командасымен тең ойнап келген кеншілер өз алаңында 1:2 есебімен есе жіберіп алды.
Жұлдыз
Радиосы