Файтер бір жекпе-жекте UFC рекордын орнатты

25 шілде 2022, 11:39

UFC-де өнер көрсететін өте жеңіл салмақтағы британиялық Мухаммад Мокаев бір жекпе-жектегі тейкдаундар саны бойынша промоушен рекордын орнатты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Амеркиалық Чарльз Джонсонмен жекпе-жекте тегі дағыстандық Мухаммад 12 тейкдаун жасады.

 

"UFC тарихында өте жеңіл салмақтағы ең көп тейкдаун! Тарихты асықпай жазып жатырмын", - депті Мокаев твиттерде.

 

 

Еске салайық, Мокаев пен Джонсон жекпе-жегі толық үш раунд өтіп, төрешілер 30:27, 30:27, 30:27 есебімен жеңісті британиялыққа берді.

 

Мокаев UFC-дегі екінші айқасында екінші рет жеңді.

 

Сонымен қоса, ол жылпы ММА-дегі тоғыз жекпе-жегінде сегіз рет жеңген.