Фируза Шәріпова ресейлік Илона Бондаренконы 13-секундта жеңді

01 мамыр 2023, 10:21

Қазақстандық боксшы Фируза Шәріпова ММА ережесі бойынша үшінші жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Ол 29 сәуірде Алматыда өткен OCTAGON 44 турниріне қатысты.

 

28 жастағы Шәріпованың қарсыласы 22 жастағы ресейлік Илона Бондаренко болды.

 

Қазақстандық спортшы бұған дейін екі жекпе-жегінің алғашқы раундында-ақ жеңіске жеткен.

 

Бұл жолы да Шәріпова бірден шабуылға шығып, қарсыласына бірнеше соққы жасап, кездесудің 13-секундында оны нокаутқа түсірді.