Спорт

Флойд Мейвезер қандай жағдайда Конор МакГрегорге реванш беретінін мәлімдеді

  • Флойд Мейвезер. Сурет: BoxingScene©

    Флойд Мейвезер. Сурет: BoxingScene©

Бокстан сегіз салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Флойд Мейвезер аралас жекпе-жекте өнер көрсететін спортшымен кездесу өткізуге дайын. Бірақ ол үшін америкалық спортшы қыруар ақша талап етіп отыр, деп хабарлайды BoxingScene.

 

Еске салайық, 2017 жылдың тамыщ айында ол аралас жекпе-жекте өнер көрсететін Конор МакГрегормен бокс ережесі бойынша кездесу өткізіп, жеңіске жетіп еті. Ол Мейвезердің 50-ші жеңісі болатын. Одан бөлек, ирландиялық спортшымен болған кездесуді төрт миллион адам ақылы тамашалаған.

 

43 жастағы Мейвезер Конормен екінші рет кездесуге дайын. Тіпті ол Хабиб Нурмагомедовпен де жекпе-жек өткізуге қарсы емес. Бірақ бұл кездесу үшін боксшы 300 миллион доллар талап етіп отыр.

 

"Конордың соққысы әлсіз. Ол мүлде ұра алмайды. Онымен кездесу өткізу мен үшін қызық болды. Мен ауыр соққы өткізбедім. Әлі де бабымдамын. Бірақ шаршы алаңға шығып, денсаулығымды құртудың қажеті қанша?

 

Дәл қазір мен жекпе-жекке шақыратын лайықты боксшы жоқ. МакГрегор мықты болды. Бірақ онымен тағы да 150 миллион үшін кездесу өткізбеймін. Ол мен үшін аз. Маған 300 миллион доллар беріңіздер. Сол кезде басқаша сөйлесеміз.

 

Мен талап етіп отырған ақша берсе тіпті Хабибпен де кездесуге дайынмын", - дейді Мейвезер.

 

Айта кетейік, жуырда МакГрегор бокс ережесі бойынша тағы бір кездесу өткізетінін хабарлады. Бұл жолы ол филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяомен кездеспекші.

 

kaz.vesti.kz




Көрілген: 1134    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 05.10.2020, 22:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31