Футболдан 2028 жылғы Еуропа чемпионаты қай елде өтетіні белгілі болды

05 наурыз 2022, 17:27

Ұлыбритания мен Ирландия футболдан 2028 жылғы Еуропа чемпионатын қабылдайды деп жазды turkystan.kz Daily Mail-ге сілтеме жасап.

Бұған дейін осы екі елдің, яғни Ұлыбритания мен Ирландияның Еуропа біріншілігін қабылдауға бірге өтініш берген болатын. Ал Түркия құрамасы өз кандидатурасынан бас тартты. Себебі, бұл ел 2016 және 2024 жылғы Еуропа біріншілігін қабылдауға ұсыныс берген кезде екі рет сәтсіздікке ұшыраған. Ал Ресейдің аталмыш турнирді өткізу мүмкіндігі тым төмен.

Осылайша, Ұлыбритания мен Ирландия Еуро – 2028 турнирін ешқандай бәсекелессіз қабылдауға мүмкіндік алады. Негізі құжат жүзінде турнирді өткізетін ел 2023 жылдың қыркүйегінде анықталады. Бірақ дереккөз мәліметі бойынша, Ұлыбритания мен Ирландия барлық техникалық талаптарға сай болса, ерте хабарлайды.