Футболдан Қазақстан құрамасы Тәжікстанды жеңді

17 қараша 2021, 09:21

Бүгін футболдан Қазақстан құрамасы елордада Тәжікстанмен жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Stan.kz

Бүгінгі кездесуде құрамалар ойын басынан бір-бірінің осал тұбын табуға тырысты. Алғашқы минуттарда қонақтар шабуылға көбірек шықты. Десе де уақыт өте келе қазақстандық футболшылар тізгінді қолға алуға күш салды. Нәтижесінде 12-минутта Бактиер Зайнутдинов тәжікстандық қақпашының қателігін тиімді пайдаланып кетті.

Екінші кезеңде құрамалар таблодағы есепті өзгертуге тырысты. Қос құрама ойыншылары өз мүмкіндіктерін пайдалана алған жоқ.

Кездесуде Қазақстан құрамасы қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті. Екі құрама бұған дейін төрт мәрте кездесті. Олардың барлығы жолдастық кездесу болып табылады. Төрт кездесуде қазақстандық футболшылар басымдық танытса, бір ойында тең нәтиже тіркелді.