Спорт

Футзал: Қазақстан құрамасы хорваттармен тең түсті

  • Фото: kff.kz

    Фото: kff.kz

Бүгін футзалдан Қазақстан мен Хорватия құрамалары жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Қос құрама осылайша 1-2 ақпан күндері екі мәрте кездесіп отыр. 1 ақпанда Қазақстан құрамасы хорваттарды 2:1 есебімен басым түсті. Бүгінгі кездесу «Бағанашыл» спорт кешенінде өткізілді.


Айта кетерлігі, «Қайрат» командасының қақпашысы Игита Қазақстан құрамасы сапында 50 мәрте алаңға шыққан.


Қос құрама соңғы екі ойынға дейін 2007, 2016 жылдарда өзара кездескен. 2007 жылы аталмыш құрамалар Еуропа біріншілігіне іріктеу кезңінде жолықты. Хорватияның Сплит қаласында өткенде кездесуде алаң иелері 5:1 есебімен жеңді.


Одан кейін екі құрама 2016 жылы Еуропа біріншілігі финалдық кезеңінде шеберлік байқасты. Біздің жігіттер бұл жолы хорваттарды 4:2 есебімен жеңген еді.


Бүгінгі кездесуде қос құрамада гол соғатын біреше мүмкіндік болған еді. Әсіресе, алаң иелері осындай бірнеше сәтті мүлт жіберді. Осындай мүмкіндікті 38-минутта біздің құрамалан Дуглас та пайдалана алған жоқ. Кездесу 0:0 есебімен аяқталды.


Бұл Қазақстан құрамасының футзалдан 2020 жылғы әлем біріншілігі алдындағы дайындығы болып табылады. Біздің жігіттер ойынды негізгі кезеңнен бастайды. Ол 2019 жылдың 22-27 қазан күндері болады.


Естеріңізге сала кетелік, әлем чемпионаты 2020 жылдың 12 қыркүйек - 4 қазан аралығында Литва елінде жалауын көтереді.


 




Көрілген: 720    Пікірлер: 0

сенбі, 02.02.2019, 19:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30