Спорт

Футзалдан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы Словенияны жеңді

  • https://inbusiness.kz/

    https://inbusiness.kz/

Бүгін футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты элиталық кезеңінде екінші кездесуінде Словениямен ойнады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Екі құрама да алғашқы ойында қарсыластарына есе жіберді. Қазақстан футзалшылары Румыниядан, Словения Чехиядан 1:3 есебімен жеңіліп қалды. Сондықтан бүгінгі кездесу тартысты өрбитіні анық еді.

 

Словения бүгінге дейін әлем чемпионаты финалдық кезеңінде бірде-бір мәрте бақ сынап көрген емес. Ал Еуропа чемпионатына 4 мәрте қатысып, 2014, 2018 жылдарда ширек финалға дейін жетті.

 

Мамандар Словенияны осал қарсылас деп санаған еді. Дегенмен олар қазақстандық құрамаға лайықты қарсылық көрсете білді. Қазақстандық футзалшылар гол соғатын бірнеше мүмкіндікті мүлт жіберіп алды. Словенияның да сондай қателігі байқалды.

 

Бірінші кезеңнің соңына таман Қазақстан құрамасы белсенді қимыл көрсетті. Нәтижесінде 18-минутта Альберт Ақбалықов ұрымтал сәтті голға айналдырып кетті. Осылайша қазақстандық футзалшылар алға шықты.

 

Ал екінші кезеңнің 28 және 31 минуттарында словениялық футзалшылар екі гол соқса, оған 32-минутта қазақстандық Джуниор Дуглас бір голмен жауап берді. Десе де 34-минутта Словения құрамасы тағы да алға шықты. Ал 38-минутта қазақстандық футзалшы Лео таразы басын теңестірді.

 

Ойынның 39-минутта қазақстандық Дәурен Тұрсағұлов жеңіс голын соқты. Осылайша Қазақстан Словениядан 4:3 есебімен басым түсті.

 

Естеріңізге сала кетелік, 2-5 ақпан аралығында D тобында Румыния, Словения және Чехия құрамаларымен сынға түседі. Бүгін Чехия құрамасы Румынияны 4:0 есебімен жеңді. Екі турдан кейін алты ұпаймен Чехия бірінші орында тұр. Одан кейінгі орындағы Румыния, Қазақстан құрамаларының еншісінде 3 ұпайдан болса, Словения әзірге ұпай алған жоқ. Қазақстан құрамасы 5 ақпанда Чехиямен кездеседі.

 




Көрілген: 214    Пікірлер: 0

сейсенбі, 04.02.2020, 08:45

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31