Геннадий Головкин әлемдік рейтингтен шығарылды

22 желтоқсан 2021, 23:40

Кәсіпқой боксшылардың есебін жүргізуге және жаңартуға арналған BoxRec сайты қазақстандық Геннадий Головкинді рейтингтен шығарып тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Осыған дейін Головкин BoxRec нұсқасы бойынша Қазақстандағы P4P боксшыларының әлемдік рейтингінде көшбасшылардың бірі болды.

Головкиннің рейтинг тізімінен шығарылуы ұзақ уақыт бойы жекпе-жек өткізбеуіне байланысты. GGG соңғы жекпе-жегін 2020 жылдың желтоқсанында өткізген, Камиль Шереметаны мерзімінен бұрын жеңген болатын, ал 2021 жылдың желтоқсанына жоспарланған жапондық Риота Муратамен біріккен жекпе-жегі пандемияға байланысты кейінге шегерілген еді

Енді BoxRec нұсқасы бойынша Қазақстандағы P4P боксшылары рейтингінде Жәнібек Әлімханұлы көш бастады. Ол соңғы жекпе-жегін 21 қарашада Лас-Вегаста өткізіп, бұрынғы әлем чемпионы франциялық Хассан Н'Дам Н'Жикамды сегізінші раундта нокаутқа түсірді.