Геннадий Головкин WBA нұсқасы бойынша супер чемпион деп танылды

04 мамыр 2022, 14:14

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинді Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) нұсқасы бойынша супер орта салмақтағы чемпион деп таныды.

Ұйымның жаңартылған рейтингінде Геннадий супер чемпион ретінде көрсетілген. Орта салмақтағы WBA нұсқасы бойынша "тұрақты" чемпион атағы кубалық Эрисланди Лараға тиесілі.

Орта салмақтағы рейтингте британдық кіші Крис Юбэнк көш бастап тұр, екінші орында мексикалық Хайме Мунгуя тұр. Үздік үштікті аргентиналық Серхио Мартинес тұйықтайды.

Еске салайық, Геннадий Головкин WBA Super титулын жапондық Риота Муратадан алған болатын. Сондай-ақ Головкиннің IBF және IBO чемпиондық белбеулері бар. Абсолютті әлем чемпионы атағы үшін оған екі титул жетіспейді: WBO (Деметриус Андраде) және WBC (Джермал Чарло).