Гимнаст Нариман Құрбанов Дохада өткен әлем кубогінде алтын алды

05 наурыз 2022, 16:12

Қазақстандық Нариман Құрбанов Дохада (Катар) өткен көркем гимнастикадан әлем кубогының жеңімпазы атанды.

Нариман атпен жаттығу жасау жарысында топ жарды. Финалда Құрбанов 12.500 ұпай жинап, бірінші орынға шығуға мүмкіндік алды.

Бұл дисциплинада күміс медальді ирландиялық Рис МакКленаган жеңіп алды. Үздік үштікті Армения өкілі Арутюн Мердинян жапты.

Айта кетейік, бүгін Дохада өтіп жатқан көркем гимнастикадан әлем кубогінің соңғы күні.