Спорт

Головкин – "Канело" жекпе-жегі туралы тың ақпарат шықты

  • Головкин –

    Головкин – "Канело" жекпе-жегі туралы тың ақпарат шықты

Промоутер Эдди Хирннің айтуынша, Канело мен Головкиннің жекпе-жегін 12 қыркүйектен кейінге шегеріледі

Орта салмақтағы IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкиннің промоутерлерінің бірі Эдди Хирн өз клиентінің мексикалық Сауль Альвареспен үшінші жекпе-жегін осы жылдың қыркүйегінде өте қоймайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

"Канелоның" Билли Джо Сондерспен келісімі бар, сондықтан енді жекпе-жектердің мерзімі ірі спорттық жарыстарды қашан өткізуді бастайтынына байланысты. "Канело" - Сондерс жекпе-жегі 2 мамырда Синко-де-Майода өтуі керек еді, бірақ қазір біз мұның кейінге қалдырылғанын естіп отырмыз", - деді Хирн Sky Sports Boxing порталына берген сұхбатында.

Оның пікірінше, бокс кештері маусым-шілде айларында қайта басталуы мүмкін. Осы кезеңде Сондерс пен Альварестің жұдырықтасуы үшін барлық мүмкіндік бар.

"Қазіргі үзілістерге қарап отырсақ, Канело мен Головкиннің жекпе-жегін 12 қыркүйектен кейінге шегеру керек", - деп түсіндірді промоутер.

Еске сала кетейік, бұған дейін Головкин мен Альварес үшінші жекпе-жектің қаржылық шарттары туралы ауызша келісімге келгені туралы хабарланған еді. Матчтың өтетін уақыты 12 қыркүйекке белгіленді, ал өтетін орны ретінде Арлингтондағы AT&T стадионы (Техас, АҚШ) таңдалған болатын.

sputniknews.kz




Көрілген: 420    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.03.2020, 15:34

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31