Головкин алдағы жекпе-жегі туралы алғашқы рет мәлімдеме жасады

12 қараша 2021, 14:05

IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) WBA Super белбеуінің иегері Риота Муратамен болатын жекпе-жек жайлы алғашқы мәлімдемесін жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Чемпиондық атақтарды біріктіруге арналған жекпе-жек жапонияның Сайтама қаласында өтеді. Кездесу 29 желтоқсанға жоспарланған. 

 
"Big Drama Show-ды Жапонияға алып келгеніме қуаныштымын. Мұнда бокс – өте танымал. Риота Мурата – қабілетті чемпион. Біз белбеулерді біріктіру үшін рингте сайысқа түсеміз және бұл ерекше кеш болмақ. Жанкүйерлерге керемет жекпе-жек сыйлаймыз деген үміттемін", - деді Головкин.