Спорт

Головкин әлем чемпионы болуға жақын қалды

  • Головкин әлем чемпионы болуға жақын қалды

    Головкин әлем чемпионы болуға жақын қалды

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) таяу күндері орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Деметриус Андрадемен (27-0, 17 КО) шаршы алаңда жұдырықтасуға мүмкіндік алып қалуы ғажап емес. Бұл туралы Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) президенті Франциско Валькарсель BoxingScene басылымына берген сұхбатында мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Ақпанда жаңартылған рейтингте Геннадий Головкин орта салмақта Бүкіләлемдік бокс ұйымында (WBO) көш бастады. Осылайша, ол Деметриус Андраденің (27-0, 17 КО) иелігіндегі WBO белбеуіне міндетті қарсылас болады деген сөз. "Бәлкім біз іріктеу кездесуін өткіземіз, я болмаса Головкинді Андрадеге міндетті қарсылас етеміз. Біз осы мәселені 21 ақпанға дейін шешуіміз керек", - деді Валькарсель. Осыған дейін рейтингте WBO бұрынғы чемпионы Билли Джо Сондерс бірінші тұрған, алайда ұлыбританиялық боксшы екінші орта салмаққа көтерілді. Қаңтарда Головкин DAZN стримингтік жүйесімен және FOX пен Showtime арналары арқылы трансляция жүргізу үшін Premier Boxing Champions жобасының өкілдерімен келіссөздер жүргізді. DAZN өкілдері қазақстандыққа Андрадемен жекпе-жек ұсынды, кейін Сауль Альвареспен (51-1-2, 34 КО) үшінші кездесу өткізу ұсынысы да болған. Айта кетейік, WBO белбеуі - Головкин кәсіпқой бокста ала алмаған жалғыз титул. Ол бірнеше рет Сондерспен келіссөздер жүргізді, алайда жекпе-жек ұйымдастыру мүмкін болмады.

 




Көрілген: 480    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.02.2019, 10:20

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31