Головкин Биволды жеңісімен құттықтады

08 мамыр 2022, 14:59

WBA Super, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Дмитрий Биволды жеңісімен құттықтады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Лас-Вегаста өткен жекпе-жекте ресейлік боксшы мексикалық Сауль Канело Альваресті төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша жеңді.

"@bivol_d жеңісіңмен құттықтаймын! Бәрі айқын болды. Осы қалпыңнан тайма!", - деп жазды Головкин.
 
Мексикалық Сауль Канело Альварес пен ресейлік Дмитрий Бивол жекпе-жегіндегі төрешілер жазбасы жарияланды.

Бивол барлық үш карточкада төрешілер шешімі бойынша 115-113 есебімен басым түскен. Бұл ретте Альварес алғашқы төрт раундта жақсы нәтиже көрсеткен.

Соңғы, 12-раунд алдында Бивол бір ғана ұпаймен алға шықты - 105-104. Ал 12-раундта 10-9 есебімен жеңіске жетті.