Головкин жаттығу лагерінен сурет жариялап, жанкүйерлерін таңғалдырды

24 қазан 2021, 14:28

 Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин жанкүйерлеріне Биг Беар (Калифорния штаты, АҚШ) жаттығу лагерінде түсірілген жаңа суретті көрсетті.

Үлкен Аю көлі (Калифорния) немесе Биг-Беар-Лейк – Калифорния штаты Сан-Бернардино округіндегі шағын қала. Биг-Беар көлінің оң жағасын бойлай Сан-Бернардино тауларында орналасқан. Қала Сан-Бернардино ұлттық орманымен қоршалған.

Еске салсақ, Головкиннің келесі жекпе-жегі желтоқсан айында Жапонияда өтеді. Отандасымыз жергілікті боксшы Риота Муратамен қолғап түйістіреді.

Риота Мурата – жапониялық кәсіпқой-боксшы, орташа салмақ дәрежесінде (72,6 келіге дейін) сынға түседі. Орта салмақта WBA нұсқасы бойынша әлем суперчемпионы. Мурата 2019 жылы желтоқсанда боксшы Стивен Батлерді жеңгеннен кейін рингке шыққан жоқ.