Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Головкин «Жылдың үздік жекпе-жегі» номинациясына ұсынылды

02 қаңтар 2023, 22:27

Бұл тізімге Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің үшінші жекпе-жек де енді.

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) жылдың үздік жекпе-жегіне үміткерлерді жариялады, деп хабарлайды КТК арнасы.

Бұл тізімге қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің үшінші жекпе-жек де енді. Онда төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен "Канело" жеңіске жеткен еді.

Сондай-ақ, тізімде Джермелл Чарло - Брайан Кастаньо, Хуан Франсиско Эстрада - Роман Гонсалес, Эррол Спенс - Йорденис Угас, Себастьян Фундора - Эрик Любин, Кенширо Тераджи - Хирото Киогучи арасындағы жекпе-жектер де бар.

Еске салайық, Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) – WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы.