Спорт

Головкин келесі жекпе-жегін неге жаңа салмақта өткізетінін түсіндірді

  • Головкин келесі жекпе-жегін неге жаңа салмақта өткізетінін түсіндірді

    Головкин келесі жекпе-жегін неге жаңа салмақта өткізетінін түсіндірді

Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін неге жаңа салмақта өткізетінін түсіндірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


GGG 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында жұдырықтасады. Қарсыласы - канадалық Стив Роллс. Кездесу өзара келісім бойынша 164 фунт салмақ дәрежесінде өтеді. Бұл Головкин өнер көрсеткен орта салмақтың лимитінен төрт фунтқа көп.  "Неге 164 фунт? Өзімді осы салмақта байқап көргім келді. Бірақ мен үшін ол аса қиын болмады. Қарсыласыма да 160 фунт қолайсыз болар еді, себебі ол 168 фунтта жұдырықтасып үйренген. Оған қолайсыз болғанын қаламадым", - деді Головкин баспасөз мәслихатында.  Головкин үшін бұл DAZN стриминг сервисімен үшжылдық келісімшарт аясындағы алты жекпе-жектің алғашқысы. Былтыр қыркүйекте қазақстандық боксшы мексикалық Сауль Альварестен жеңіліп, WBC, WBA (Super) және IBO титулдарынан айырылған еді. Оның алдында боксшылар тең түскен болатын.  Егер Головкин Роллсты жеңіп жатса, 2019 жылы қыркүйекте Альвареспен үшінші рет кездесуі мүмкін. 




Көрілген: 581    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.04.2019, 10:01

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31