Спорт

Головкин мен Гил жекпе-жегіне билет таусылып барады

  • Головкин мен Гил жекпе-жегіне билет таусылып барады

    Головкин мен Гил жекпе-жегіне билет таусылып барады

26 шілде күні қазақстандық кәсіпқой бокс жұлдызы Геннадий Головкин мен Австралия дарыны Дэниэль Гил арасындағы жекпе-жектің билеттері таусылуға айналыты, деп жазады «Алаш айнасы» газеті.
Шетелдік басылымдар Головкин мен Гил арасындағы жекпе-жектің басталуына үш жарым апта қалғанда, сатылымда екі мыңға жетер-жетпес билет қалғанын жарыса жазып, ақпарат таратып жатыр.
Негізі, осы жекпе-жекке арналып, Нью-йорктегі «Madison Square Garden» аренасында 9000 орын қарастырылған екен. Оған шамамен 3000 люкстік жайғасып отыратын орындар қосылуы керек көрінеді.
Шыны керек, бұл – Головкин үшін үлкен аренада өтетін алғашқы жекпе-жек. Оның бұған дейінгі жекпе-жегі «Madison Square Garden» аренасында емес, MSG театрында өткен болатын. Мысалы, өткен жылы қараша айында оның Кертис Стивенспен өткен жекпе-жегіне 4 168 билет сатылған екен. Бір қызығы, екі-ақ билет сатылмай, кассада қалып қойыпты...

Бұл жолы билет қалмауы да мүмкін сияқты. Бірақ әу баста Геннадий Головкин мен әлемнің экс-чемпионы Дэниэль Гил арасындағы жекпе-жек «20 мың көрерменге арналған үлкен Madison Square Garden аренасында өтеді» деп жарияланған болатын.
Ал соңғы деректерге сенсек, MSG аренасындағы орындар 12 мыңның төңірегінде болатын сияқты. Қалай десек те, бұл жолы Головкиннің 10 мыңнан астам көрерменнің көз алдында айқасары анық. Ал көгілді экран арқылы бұл жекпе-жекті тамашалайтындар саны бұрынғыдан да әлдеқайда көп болуы тиіс.

Автор: Нұрғазы Сасаев




Көрілген: 1372    Пікірлер: 0

бейсенбі, 03.07.2014, 14:14

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31