Головкин мен Мурата жекпе-жек алдында салмақ өлшеді

08 сәуір 2022, 12:20

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) және WBA титулына ие Риота Мурата (16-2, 13 KO) жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті.

Қос боксшы да орта салмақ лимитін орындады – 160 фунт немесе шамамен 72,5 келі.

Салмақ өлшеу рәсімінде ұйымдастырушылар Геннадий Головкинді туған күнімен құттықтап, оған тосынсый жасады.

Қазақстандық танымал боксшы «Arigato ありがとう Thank you! Рақмет! Спасибо!», – деп жауап берді.