Спорт

Головкин мен Роналду бірлескен жобасын жариялады

  • © instagram

    © instagram

IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен футбол жұлдызы Криштиану Роналду бірлескен жобасын жүзеге асыруға кірісті, деп хабарлайды Vesti.kz.


Спортшылар өздерінің Instagram-дағы аккаунтында жазғандай, олар екеуі бірігіп, Туринде DAZN үшін арнайы бейнеролик түсіріп жатыр.


- Туринде досым Криштиану Роналдумен бірге керемет күн өтті. DAZN-мен бірге жаңа жоба әзірлеп жатырмыз, - деп жазды Головкин.

Португалиялық футболшы GGG-ге "Ювентустың" жейдесін сыйға тартса, Головкин өз кезегінде бокс қолғабын тарту еткен.



- Өзімнің ерекше досым GGG-мен бірге DAZN-ның жаңа жобасына қатысып жүрмін, - деп жазды тура сол фотоны жүктеген Роналду.



Головкин бұған дейін Роналду сүйікті футболшысы екенін мойындаған.


Қазан айында украиналық Сергей Деревянченконы қазылардың шешімімен жеңген Головкин IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атанды. Қазақстандық боксшы келесі жекпе-жегін қыстың аяғында немесе көктемде өткізеді деп күтілуде, оған қарсылас тағайындалып қойған.


 kaz.zakon.kz




Көрілген: 331    Пікірлер: 0

бейсенбі, 05.12.2019, 10:33

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31