Спорт

Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

  • Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

    Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Сәуір айында Головкиннің бапкері спортшының 12 қыркүйекте WBA орта салмақтағы чемпионы Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізбейтінін хабарлаған

Орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін 21 қарашада өткізеді. Бұл туралы The Athletic тілшісі Майк Коппинджер Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

GGG-дің қарсыласы IBF тұжырымдамасы бойынша міндетті үміткер поляк спортшысы Камил Шеремета (21-0, 5 КО) болады. Жекпе-жекті DAZN спорттық стриминг қызметі көрсетеді.

Sports.kz сайтының хабарлауынша, Майк Коппинджердің әріптесі Лэнс Пагмайр жекпе-жектің Калифорния штатында Dignity Health Sports Park аренасында өтетінін хабарлады. Сондай-ақ, қазір GGG сол штатта дайындық жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, сәуір айында Головкиннің бапкері спортшының 12 қыркүйекте WBA орта салмақтағы чемпионы Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізбейтінін хабарлаған еді.

"Канелоның командасы қыркүйек айында жекпе-жек өткізуге шақырды, бірақ мен бас тарттым. Біздің жоспарымыз – Камил Шереметаға қарсы айқас, содан кейін тағы бір жекпе-жек бар", – деді Бэнкс.

 




Көрілген: 312    Пікірлер: 0

бейсенбі, 24.09.2020, 12:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31