Спорт

Головкиннің соңғы жекпе-жегі үшін қанша ақша алғаны мәлім болды

  • Головкиннің соңғы жекпе-жегі үшін қанша ақша алғаны мәлім болды

    Головкиннің соңғы жекпе-жегі үшін қанша ақша алғаны мәлім болды

Boxingscene.com басылымы ұсынған инсайдерлік ақпарат бойынша Головкиннің польшалық боксшыға қарсы жекпе-жегі үшін кепілдендірілген ақысы жеті миллион долларды құрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Головкин үшін Камил Шереметке қарсы жекпе-жек DAZN ағындық қызметімен келісімшарт бойынша алты жекпе жектің үшіншісі болуы керек еді. Және осы үшін бастапқыда 15 миллион доллар сыйақы алуы керек болған. 

 
Танымал журналист Майк Коппинджердің айтуынша, платформа басшылығы Шереметамен болған жекпе-жекті мұндай сыйақыға тұрмайды деп есептеген. 

Нәтижесінде екі тарап Головкиннің гонорарын жартысына жуық қысқартуға келісті. Сондай-ақ польшалық боксшымен болған жекпе-жек келісім шарттағы алты жекпе-жекке кірмейді депшешім қабылдады. Осылайша, Геннадий DAZN-мен келісімшарт бойынша тағы төрт жекпе-жек өткізуі керек.

Бастапқыда Dazn Головкиннің Шереметамен жекпе-жегіне қызығушылық танытпаған еді. Дегенмен, GGG өзі оны өткізуді талап етті, өйткені польшалық спортшы оның міндетті үміткері болды, ол оған жекпе-жек өткізуге уәде берген. 

Еске салсақ, 19 желтақсан күні қазақстандық боксшы Геннадий Головкин польшалық қарсыласын уақытынан бұрын жеңді. 




Көрілген: 307    Пікірлер: 0

сейсенбі, 22.12.2020, 18:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28