Grand Slam турнирі: бүгін жарыс жолына кімдер шығады

18 ақпан 2022, 15:21

Бүгін Тель-Авивте дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирінің екінші жарыс күні өтеді. Жарыстың екінші күнінде әйелдер 63, 70, ал ерлер 73 және 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтайды, деп хабарлайды Olympic.kz.

 
Қазақстан сапынан бүгін жарыс жолына шығатын балуандар келесідей:

Ерлер:

Жансай Смағұлов (73 кг)
Данияр Шамшаев (73 кг)
Абылайхан Жұбаназар (81 кг)
Бекәділ Шаймерденов (81 кг)

Әйелдер:

Мөлдір Нарынова (63 кг)
Самалай Ерғалиева (63 кг)
Зере Бектасқызы (70 кг)

Жарыс елорда уақытымен сағат 15:00-де басталады.