Спорт

Грекия футболшысы өзіне жасалған қастандықтан аман қалды

  • Грекия футболшысы өзіне жасалған қастандықтан аман қалды

    Грекия футболшысы өзіне жасалған қастандықтан аман қалды

Грекияда ағылшын премьер лигасының бұрынғы ойыншысы Дарко Ковачевичке қастандық жасалды. Спортшы қаруланған екі адамның шабуылынан аман қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

 
 
Дарко Ковачевич. Фото: Scanpix.com

Дарко Ковачевич. Фото: Scanpix.com

Белгісіз біреулер Сербия ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысына автотұрақта шабуыл жасады. Оқ атылған кезде 46 жастағы футболшы жерге жата қалған. Сөйтіп, тізесінен және қолынан жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Қастандық жасағандар Smart автокөлігіне отырып, оқиға орнынан ізін жасырған. Кейіннен аталған автокөлік жақын маңда өртенген күйде табылды.

Ковачевич испаниялық "Реал Сосьедад", италиялық "Ювентус" пен "Лацио" командаларында өнер көрсетіп, танымалдыққа ие болды. 1996 жылы оны ағылшындардың "Шеффилд Уэнсдей" клубы сербиялық "Црвена Звездадан" жалға алған болатын.

Осылайша, Англияда жарты маусым доп тепкен Ковачевич премьер-лиганың 16 матчына қатысып, төрт голдың авторы атанды.

Ал "Сербии және Черногория" ұлттық құрамасында 59 матч өткізген шабуылшы 10 голмен көзге түскен.

Еске сала кетейік, бұған дейін "Ақтөбеде" доп тепкен футболшының інісі Африканың үздік ойыншысы атанғанын жазған едік.

 




Көрілген: 205    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.01.2020, 22:46

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30