Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Гүлжанның Гамбургтегi жүлдесi

03 маусым 2011, 16:46

Германияның Гамбург қаласында дзюдодан халықаралық «Гран-при» бәсекесi жалауын түсiрдi.
Немiс жерiне төселген татамиде 28 елдiң дзюдошылары бақ сынады. Олардың арасында Қазақстан балуандары да бар. Бұған дейiнгi екi бiрдей халықаралық турнирде жүлделi орындарға iлiге алмаған дзюдошыларымыз бұл жолы бiр қола олжалады. Бiрақ жалғыз жүлденi сенiм артқан жiгiттерiмiз емес, ауыр салмақта белдескен Гүлжан Исанова иелендi. Ал 73 келiге дейiнгi салмақта белдескен Ринат Ибрагимов үшiншi орын үшiн өткен белдесуде француз балуанына есе жiберiп алып, 5-орынға ие болды.