Спорт

Хабиб Фергюсонмен жұдырықтасудан бас тартты

  • https://kaz.vesti.kz/

    https://kaz.vesti.kz/

Бұл жекпе-жек бесінші рет өтпей қалуда.

 

Аралас жекпе-жектің көптеген жанкүйерлері америкалық Тони Фергюсонға қарсы кездесуден бас тартқан ресейлік Хабиб Нурмагомедовтың мәлімдемесіне наразылығын білдірді. Twitter желісіндегі бірқатар қолданушы файтерді UFC чемпионы атағынан айыруды талап етіп отыр.

 

Еске салайық, ресейлік файтер коронавирустың пандемиясына қатысты, карантин ережелерін сақтап, жекпе-жектен бас тартатынын мәлімдеді. Ал жанкүйерлер Нурмагомедов 18 сәуірге белгіленген UFC 249 турниріне кедергісіз қатыса алатын еді деген ойда. Бұл негізсіз де емес: Фергюсон мен Нурмагомедов қазіргі таңда екі бөлек елде. Дегенмен шекаралар жабық болғанына қарамастан, Росавиация ел азаматтары бизнес-авиация желісімен кез келген бағытқа ұша алатынын хабарлаған.

 

"Хабиб жекпе-жек үшін қайда болсын аттануға дайын екенін айтудан таймайтын еді. "Тұрған жеріңді айт", "мен таудан келдім" деп. Ал енді Фергюсонмен титул үшін жұдырықтасудан бас тартып отыр. Бұл жігітті белбеуден айырыңдар. Тони титул үшін Конор МакГрегормен жұдырықасу керек", - деп жазыпты Maximus Prophet MMA.

 

"Нурмагомедовты UFC чемпионы белбеуінен айыратын кез келді. Бірақ бұл белбеу ешқашан да шынайы болған жоқ. Рейтингте 11-ші тұрған адамды (Эл Яквинта 2018 жылдың сәуірі) жеңіп, чемпион болмайсың. Титулдың тағдырын МакГрегор мен Фергюсон шешуі тиіс", - деген екен The UFC Stats.

 

"Титулды тартып алыңдаршы. Ол Тониден қашып отыр. Онымен ешқашан жұдырықтасқысы келмеген. Бұл Хабибтің PR-айласы", - деп есептейді TheMancsUnite.

 

Бүгінгі таңда көптеген ММА жаннкүйерлерінің пікірі осындай.

 

kaz.vesti.kz

 




Көрілген: 595    Пікірлер: 0

бейсенбі, 02.04.2020, 11:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31