Спорт

Хабиб Макгрегормен өтуі мүмкін екінші кездесуі туралы пікір білдірді

  • Фото: Instagram/khabib_nurmagomedov, thenotoriousmma

    Фото: Instagram/khabib_nurmagomedov, thenotoriousmma

Аралас жекпе-жек шебері (MMA) ресейлік Хабиб Нурмагомедов Сауд Арабиясында Конор Макгрегормен өтуі мүмкін екінші кездесуі туралы пікір білдірді. Спортшы бұл туралы Дағыстандағы баспасөз мәслихатында айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

 

Видео YouTube желісіндегі Sport24 арнасында жарияланды (www.youtube.com/watch).

 

Сұқбат барысында ресейлік спортшы ирландиялықпен екінші жекпе-жекке қызығушылық танытпайтынын білдірді.

 

Одан бөлек, Нурмагомедов бір жекпе-жегінен 100 миллион доллар таба алмайтынын айтып өтті.

 

"Егер олар дәл осындай қомақты қаржы ұсынса, мен не істеймін? Сіз ақша құя алатын басқа да спорт түрлері бар. Конорды қайта жеңу үшін маған 100 миллион доллар не үшін қажет?", - деді Хабиб.

 

Сондай-ақ, аралас жекпе-жек шебері бос уақытында отбасына көп уақыт арнағысы келетінін жеткізді.

 

Ол саясатқа мүлде араласқысы келмейтінін де жасырмады.

 

Еске сала кетейік, жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нұрмагомедов жақында оңтүстік астанаға келіп, "Алматы Аренада" Gorilla Fighting Championship 23 турнирінің құрметті қонағы болды.

 




Көрілген: 282    Пікірлер: 0

сейсенбі, 04.02.2020, 17:28

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31