Спорт

Хабиб Нурмагомедов Франция президентіне жауап берді

  • Хабиб Нурмагомедов Франция президентіне жауап берді

    Хабиб Нурмагомедов Франция президентіне жауап берді

  • Хабиб Нурмагомедов Франция президентіне жауап берді

    Хабиб Нурмагомедов Франция президентіне жауап берді

UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын жасағандарды қолдаған Франция президенті Эммануэль Макронға жауап берді

Ресейдің аралас жекпе-жек шебері Хабиб Нурмагомедов ислам діні мәселесіне араласамын деген Франция президенті Эммануэль Макронға жауап берді. 

"Біз - мұсылмандар, Мұхаммед Пайғамбарды (с.ғ.с.) анамыз, әкеміз, балаларымыз, әйеліміз және өзге жақындарымыздан қатты жақсы көреміз. Мұндай арандатушылықтың арты жаман болады", - деп жазды ол Instagram-да.

Еске сала кетсек, Францияда сөз бостандығына арналған сабақтан кейін тарихшы Самюэль Пати өлтірілді. Ол оқушыларға атышулы Charlie Hebdo журналы жариялаған Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын көрсеткен. Мұғалім бұл карикатура "сөз бостандығының" үлгісі екенін айтқан. Бұдан соң 16 қазанда мұғалімге шабуыл жасалып, басын кесіп алды. Күдікті - Шешенстан тумасы 18 жастағы Абдуллах Анзоров.

Франция президенті мұғалімнің өлімін теракт деп бағалады. Макрон Франция мұсылмандарын сырттан келетін әсерден қорғайтынын айтты. Ол "ағартушылық ислам" саясатын жүргізіп, мешіттер мен мұсылмандар ұйымдарын бақылауға алмақ.

sputnik.kz




Көрілген: 808    Пікірлер: 0

жұма, 30.10.2020, 22:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30