Хабиб Нурмагомедов карьерасын аятағанын айтты

25 қазан 2020, 11:50

Жеңіл салмақта UFC ұйымының чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов Абу-Даби қаласында 254 турнирінде америкалық Джастин Гэтжиді жеңгеннен кейін карьерасын аяқтағаны туралы хабарлады, деп жазады Vesti.kz порталы.

 

"Бүгін мен соңғы жекпе-жегімді өткізгенім туралы хабарлағым келеді. Менің бар қалайтыным - салмақ дәрежесіне қарамай жасалатын рейтингтің бірінші орнына шығу.

Мен бұған лайықтымын деп ойлаймын. 29-0. Бір рет жеңілген жоқпын. Ұйымның басшылары рақмет айтқым келеді. Барлықтарыңызға рақмет. Ана енді төбелеспеймін деп уәде бердім", - деді Хабиб жекпе-жектен кейін.

 

Айта кетейік, бұл кездесуде ресейлік спортшы белбеуін үшінші рет қорғады. Ол бұған дейін ирландиялық Конор МакГрегор және америкалық Дастин Порьеге қарсы айқаста белбеуін сәтті қорғаған болатын. Ал жалпы белбеуді ресейлік спортшы 2018 жылы америкалық Эл Яквинтаға қарсы кездесуде жеңіп алған еді.

 

Осылайша Нурмагомедов 29-шы кездесуінде қатарынан жеңіске жетіп отыр. Ол әлі жеңілістің кермек дәмін татпаған. Бұл Хабибтің әкесі Абдулманап Нурмагомедовтің өмірден өткенінен кейінгі бірінші кездесуі болатын. Гэтжи болса карьерасында үшінші рет жеңілді.

 

Айта кетейік, бұл жекпе-жек кеште біздің отандасымыз Шавкат Рахмонов та өнер көрсетті. Ол бразилиялық Алекс Оливейрамен кездесіп, бірінші раундта жеңіске жетті.