Спорт

Хабиб Нурмагомедов пен Нейт Диас UFC 239 турнирінде төбелесе жаздады (видео)

  • © kaz.vesti.kz

    © kaz.vesti.kz

АҚШ-та UFC 239 турнирінде ұйымның чемпионы ХабибНурмагомедов пен америкалық Нейт Диас арасында жанжал шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


"Спорт-Экспресс" басылымы куәгерлерге сілтеме жасап, турнир барысында Диас өз отырған орнынан тұрып, Хабиб жайғасқан секторға барғанын айтады. Жаппай төбелес болған жоқ, алайда қос команданың өкілдері арасында қақтығыстар болған. Куәгерлер болған жағдайды телефон камерасына түсіріп алған.



Айта кетейік, 30 жастағы Хабиб Нурмагомедов кәсіпқой мансабында 27 кездесу өтікізіп, барлығында да жеңіске жетті. Ресейлік файтер 7 қыркүйекте Абу Дабиде (БАӘ) UFC 242 турнирінде америкалық спортшы Дастин Порьеге қарсы өткізеді. Олар жеңіл салмақта UFC чемпионы атағына таласатын болады.


34 жастағы Нейт Диас ММА-да 30 кездесу өткізген. 19 кездесуде жеңімпаз атанып, 11 рет есе жіберген. Америкалық файтер Нурмагомедовты бірнеше рет жекпе-жекке шақырып, әлеуметтік желіде "тиіскен" еді. Ол келесі кездесуін UFC 241 турнирі аясында 17 тамызда АҚШ-тың Анхайм қаласында өз отандасы Энтони Петтиске қарсы өткізеді.


Екі файтер де соңғы кездесулерінде UFC жұлдызы ирландиялық Конор МакГрегорға қарсы өткізген: Диас 2016 жылы жеңілген, ал Нурмагомедов 2018 жылы мерзімінен бұрын жеңді.


 




Көрілген: 461    Пікірлер: 0

сейсенбі, 09.07.2019, 20:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31