Хабибтің белбеуін иеленген UFC чемпионы "Құбыжыққа" айналғаны айтылды

25 желтоқсан 2021, 15:43

Белгілі спорт комментаторы Джо Роган жеңіл салмақта UFC чемпионы Чарльз Оливейра туралы пікір білдірді, деп хабарлайды "Чемпионат".

 

"Чарльз - ол нағыз құбыжық. Көбі ол туралы ойламайды, өйткені Оливейра жеңілген кездер болды. Пол Федерер одан басым болды, Каб Свонсон - нокаутқа түсірді. Бірақ қазір Чарльз әлдеқайда жақсы жұдырықтасатын болған, адамдар оның жеңілгенін еске ала бермей, осыны қабылдау керек.

 

Оливейра UFC-ге 20 жасында келді. Ең мықты ұйымда өсті, дамыды. Чарльз мұнда ұзақ уақыт өнер көрсетті, енді белбеуді ұстап тұра алатын деңгейге жетті", - деп береді Роганның сөзін Middle Easy.

 

 

 

kaz.vesti.kz