Спорт

"Халық алдында кешірім сұраймыз": Алматы облысында заңсыз көкпар ұйымдастырғандар жауапкершілікке тартылды (видео)

  • "Халық алдында кешірім сұраймыз": Алматы облысында заңсыз көкпар ұйымдастырғандар жауапкершілікке тартылды (видео)

 

 

 

Алматы облысының жолдарында "Көкпар"  ойынын ойнағандар жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

көкпар

Бұл туралы Алматы облысы ПД баспасөз қызметі мәлімдеді.

 

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Рахат ауылдық округінің жол бөлігінде 20-25 адамнан тұратын бір топ адам рұқсатсыз "Көкпар" ойынын ұйымдастырған түсірілген видео таралған болатын.

Көктөбе және Рахат ауылдық округтерінің тұрғындары арасында "Көкпар" ұлттық ойыны  өткендігі анықталыпты. Іс- шара аяқталғаннан кейін қатысушылардың бір бөлігі ойынды жол бөлігінде жалғастырғандығы белгілі болды. Аталған заңға қайшы әрекеттердің жолын патрульдік полиция экипаждары дер кезінде кесіпті.

Атап кетерлік жайт, ұлттық ойындар жергілікті атқарушы органдардың келісімінсіз өткізілген.

Қазіргі уақытта «Көкпар» ойнын  ұйымдастырған 1998, 1997, 2000, 1992 жылғы Алматы облысы Рахат ауылының тұрғындары ұсталды. Олар ҚР ӘК 434- бабы 1-бөлігі "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Аталған ұлттық ойынды ұйымдастыруға және өткізуге қатысқан өзге де азаматтар анықталуда.
 




Көрілген: 2025    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 04.03.2020, 19:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31