Хоккей: «Барыс»«Динамодан» жеңіліп қалды

24 ақпан 2022, 23:33

Елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасы плей-офф сатысына дайындық мақсатында ресейлік «Динамо» (Мәскеу) командасымен тағы бір мәрте жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл кездесуде елордалық клуб сапынан Егор Петухов (15-минут), Никита Михайлис (42-минут) және Аркадий Шестаков (56-минут) соққан үш голға мәсекеулік клуб алты голмен жауап қайырды. Осылайша «Барыс» қарсыласына 3:6 есебімен есе жіберді. Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық клуб 22 ақпанда жолдастық кездесуде «Динамо» (Мәскеу) командасын буллиттен 4:3 есебімен басым түсті. Сондай-ақ, қазақстандық клуб 21 ақпанда ресейлік «Спартак» командасынан 7:2 есебімен тізе бүктірді. «Барыс» құрлықтық хоккей лигасының плей-офф сатысының бірінші кезеңінде Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) командасымен шеберлік байқасады. Ойындар 1-13 ақпан аралығында болады. Жеңімпаз бір команданың төрт мәрте жеңіске жетуіне дейін жалғасады.

ҚазАқпарат