Хоккейден әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы кімдермен кездеседі

03 желтоқсан 2021, 17:47

12-19 желтоқсан аралығында Данияның Хершольм аймағында бірінші дивизионның А тобындағы жастар арасындағы әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстан құрамасы жастар хоккейінің элитасына кіру үшін Дания, Норвегия, Венгрия, Латвия және Беларусь командаларымен бақ сынайды.

Назарларыңызға алдағы чемпионаттың кестесін ұсынамыз:

12.12.2021 - 18:00, Венгрия – Қазақстан;
13.12.2021 - 18:00, Қазақстан – Норвегия;
16.12.2021 - 01:00, Қазақстан – Дания;
16.12.2021 - 21:30, Беларусь – Қазақстан;
19.12.2021 - 01:00, Қазақстан – Латвия.