Спорт

Хоккейші Овечкин АҚШ-тың жауына айналмаса етті...

  • nhl.ru

    nhl.ru

Бүгінде кейбір спорт жұлдыздары қазіргі таңдағы саяси салқынқабақтықтың құрбандарына айналып отырғандай. Бұл ретте Америкада өнер көрсететін Ресей хоккейшілері екі оттың арасында шоқ кешіп жүргендей де, - деп жазады "Алаш айнасы".
Өздеріңіз білесіздер, Ресей хоккейінде Александр Овечкин деген жарық жұлдыз бар. Ол 2008 жылдың аяғында АҚШ-тың "Вашингтон Кэпиталз" клубымен ҰХЛ-да бұрын-соңды болмаған рекордты келісімшартқа қол қойған. Осы келісімшарт бойыншы ол АҚШ астанасы клубының намысын 13 жыл қорғап, осы жылдар аралығында 124 миллион доллар ақша алуы керек. Алты жыл тоғыз миллионнан, ал жеті жыл 10 миллионнан алуы тиіс болатын.
Осы Овечкиннің дәл қазір Америкадағы жағдайы мәз емес сияқты. «Даудың басы» өз отанына келіп, демалып жүрген кезінде басталғандай. Осыдан екі аптадан астам уақыт бұрын, Чеховта өткен қайырымдылық матчы алдында аталған шайбалы хоккей жұлдызы "Балаларды фашизмнен қорғаймыз!" деген ұранды сөздермен түскен суретін әлеуметтік желілерге жариялапты. Ресейдің "Комсомольская правда" газетінде жарық көрген мақалаға сенсек, ол инстаграмға "Біздің аталарымыз бен әжелеріміз фашизмнің барлық үрейін бастарынан кешірді. Біз оған өз заманымызда жол бермейміз!" деп те жазған.

kp.ru

Содан Батыс және АҚШ басылымдары мен жанкүйерлерінің наразылықтарына душар болды. Бүгінде ол сын «садағы» нысанасына айналып отыр деуімізге де болатындай. Жалпы, "Спорт жұлдызы Путинді қолдайды" деп пікір жазғандар көп болған сыңайлы.
Овечкин мұхит асып АҚШ-тағы жаттығу жұмыстарына барғанында, әрине, одан әлгі суреті жайлы сұрағандар көп болғандай. Ал ол америкалық журналистерге:
– Қандай да бір мәлімдеме жасауды көксеген жоқпын. Бірақ мен орыспын, менің де Украинада көп достарым тұрады. Мен барлық ізгі ниетті адамдар сияқты соғысты қаламаймын. Әсіресе бұл өзіңе жақын елде болғанын. Адамдардың мерт болып жатқанын көру қиын. Жазда Ресейде дем алғанымда, үнемі жаңалықтар қарап отырдым. Украинадағылар тыныш өмір сүргілері келеді, – депті.
Енді мұны әр тарап сан-сақа жүгіртуде. Ресей "бұл біздің жұлдыздарымыздан ілік іздеу, түймедейді түйедей қылып ушықтыру" деп санайды. Ал АҚШ-тағы кейбір болжам-пікірлер "Овечкин Кремльдің саяси ойынында құрбандыққа шалынған пешка ғана болуы әбден мүмкін" дегенге де саяды. "Немесе көпшілік алдында соғыс әрекеттері үшін ақталғысы келген Үкіметтен бұйрық берілген де шығар" деп топшалаушылар да бар.
Қалай десек те, Ресей хоккейінің басшылары АҚШ-та ойнайтын жұлдыздары үшін алаңдаулы. Овечкин, Малкин, Дацюк секілді әйгілі хоккейшілері қырғи-қабақ саясаттың кесірінен "Ресейге қайтып келмесе етті" деп қобалжушылар да жоқ емес сияқты.
Спорт және спортшылар қашан да бейбітшілік елшілері болған. Сондықтан спорт саясаттың құралына айналмаса екен дейміз. Спорт тек қана татулық пен ынтымақтастықтың символы болып қала берсе екен деп тілейміз...




Көрілген: 1360    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.09.2014, 15:26

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31