Спорт

Илья Ильин басшылық қызметке тағайындалды

  • © Sputnik / Тимур Батыршин

    © Sputnik / Тимур Батыршин

Белгілі ауыр атлет Илья Ильин спорттық карьерасын аяқтады. Спортшы бүгін Қызылорда қаласындағы «Мұз айдыны» спорт кешенінің директоры қызметіне кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Илья Ильин 1988 жылы 24 мамырда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ауыр атлет 2005, 2006, 2011, 2014 жылдары әлемнің төрт дүркін чемпионы атағына ие болды. Екі Олимпиадаға қатысып, жоғары деңгейде өнер көрсетті.

 

"Бұл шешімді қабылдау маған оңайға соққан жоқ. Мен Токио Олимпиадасына қатысуды алдыма мақсат еткен едім. Дегенмен аталған додада белгілі себептерге байланысты кейінге шегерілді. Сондықтан мен спортшы ретінде карьерамды аяқтап, енді аталған салада қызмет атқаруды дұрыс деп санадым. Осылайша, спорт саласында менеджмент мәселесін жан-жақты меңгерсем деймін. Келешекте бапкерлік қызметке келуім де мүмкін. Оны уақыт көрсете жатар. Қазіргі ең басты міндетім - жаңа қызметте өзімнің қабілетімді жан-жақты көрсете білу", - деді Илья Ильин.

 

Илья Ильинді қызметке тағайындау барысында облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет облыс жұртшылығы атынан жылы лебіз білдірді.

 

Сыр өңірі жұртшылығы үшін талантты спортшы қай кезде де беделі биік саңлақ ретінде бағаланады. 




Көрілген: 363    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.05.2020, 17:43

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31