Спорт

Илья Ильин Қазақстан Спартакиядасында үздік көрсеткішпен жеңіске жетті

  • Сурет: Федерацияның баспасөз қызметі

    Сурет: Федерацияның баспасөз қызметі

Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин Талдықорғанда өткен Қазақстан Спартакиядасында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Әлемнің төрт дүркін чемпионы 102 келіге дейінгі категорияда өнер көрсетті. Жұлқа көтеруде ол 170 келі салмақты бағындырды. Оның үстіне ол үш мүмкіндіктің екеуін ғана пайдаланғанын айта кетейік. Біріншісінде ол 165 келі көтерді.


Ал серпе көтеруде Ильин бірінші мүмкіндігінде 200 келіні игере алмады. Екінші мүмкіндікте ол бұл салмақты көтерді де, үшіншісіне 205 келіге тапсырыс берді. Бірақ атлет 205 келіні көтере алған жоқ. Осылайша, жалпылай Ильин 370 (170 + 200) келі жинады.


"Кей жеріне ризамын, кей тұсына көңілім толмайды. Жұлқада жақсы көтердім, ал серпеде қолым жүрмеді. Әлем чемпионатында 217 көтеруім керек, ал мұнда тек 200 ғана. Ары қарай жұмыс істейміз. Былтырдан кейін қалыпқа келіп жатырмын. Жұлқа көтеруім қуантады, ілгерлеу бар. Жалпы ары қарай жұмыс істеу қажет", - дейді Ильин.


Айта кетейік, бұл спортшының осы маусымдағы ең жақсы көрсеткіші. Бұған дейін ол 365 (165+200) келіні Токиода көтерген.


Басты жарыстарда Ильин 96 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін болады. 




Көрілген: 945    Пікірлер: 0

жұма, 09.08.2019, 18:07

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31