Спорт

Илья Ильин спорттық мансабын қашан аяқтайтынын айтты

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы сәуір айында елордада өтетін Азия чемпионатынан кейін бір шешімге келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Егер Токио Олимпиадасына жолдама ұтып алса, кешенді сын соңғы жарыс болады. Ильин ойындардан кейін ауыр атлетикамен біржола қоштаспақ.

 

Ол бұл жайында «Хабар 24» арнасының Өзбекстандағы тілшісіне айтты.

 

Әйгілі зілтемірші кеше Ташкенттегі Халықаралық бірлік чемпионатында 102 келіге дейінгі салмақта топ жарды. Бұл – Ильиннің допинг жанжалынан кейінгі алғашқы жеңісі. Жерлесіміз жұлқа көтеруде 160 келіні, ал серпе көтеруде 195 келіні бағындырып, қоссайыста 355 ұпаймен алтын медальға қол созды.

 

Илья Ильин, Ташкент турнирінің жеңімпазы:


– Мен спорттық мансабымды аяқтаймын. Жасым 32-ге келді. Егер алдағы Олимпиадаға жолдама алып жатсам, ауыр атлетикамен сол жарыстан кейін қоштасамын. Ал Токиодағы аламанға бара алмай қалсам, онда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Азия чемпионаты мен үшін соңғы дүбірлі дода болмақ. Мен барлығы дерлік сайыста жеңімпаз атағын алдым. Маған тек Азия чемпионы болу бұйырмады. Ендігі мақсатым – осы.

 

Ташкенттегі халықаралық турнирде Ильиннен бөлек, Ибрагим Берсанов жүлдегер атанды. Қазақстан ауыр атлет 109 келі салмақта күміс медаль еншіледі. Бұған дейін Игорь Сон чемпион атанғанын айта кетейік.

 




Көрілген: 332    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.02.2020, 13:27

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29