Спорт

Иранда чемпион болған балуанды азаптап өлім жазасына кесті

  • Сурет: © iranhr.net

    Сурет: © iranhr.net

Иранда күрестен ел чемпионы Навид Афкари өлім жазасына кесілді, - деп хабарлайды "Спорт-Экспресс" порталы TMZ басылымына сілтеме жасап.

 

27 жастағы спортшы 2018 жылы Иранның экономикалық саясатына қарсы наразылыққа шыққаны үшін екі рет өлім жазасына кесілген. Навид Афкаримен бірге оның ағасы және інісі - Вахид пен Хабиб те ұсталып, оларға жиырмадан аса айып тағылған. Үшеуі деп айыпты танылып, Навид өлім жазасына кесілді, Вахид 54 жылға, ал Хабиб 27 жылға сотталды. Сонымен қоса, үшеуіне де 74 рет дүре соғылады.

 

Ағайындылардың анасы болса сот ісі әділетсіз өткенін айтады. Ол сот ісі ұлдарына өзін қорғауға мүмкіндік бермегенін атап өтті.

 

Өз кезегінде The Human Rights Activists News басылымы Навид Афкариден хат алған. Онда спортшы түрмеде оны азаптағанын мәлімдепті. Хатта спортшының басына қап кигізіп, мұрнына алкоголь құйғаны жазылған екен.

 

kaz.vesti.kz




Көрілген: 1034    Пікірлер: 0

бейсенбі, 03.09.2020, 16:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31