Спорт

Ирандық 8 жасар футболшының өнері Мессиді тәнті етті (видео)

  • © Спорт24

    © Спорт24

Ирандық 8 жасар футболшы Арат Хоссейни «Ливерпуль» академиясының бапкерлерін таңғалдырып келеді. Бір жасында жүріп қана қоймай, артқа қарай сальто тастаған Араттың видеолары желіде тез таралып кетті.

 

Бүлдіршіннің гимнастикалық қабілеттеріне қарап оны болашақ олимпиада чемпионы деп жазғандар көп.

 

Бірақ Арат футболға бет бұрды. Қазір ол «Ливерпуль» академиясында жаттығу жасап жүр, ал оның дриблингтері қазір де көпшіліктің назарында, деп жазады sport24.ru.

 

Ирандықтың ерекше өнеріне тәнті болғандардың қатарында Лионель Месси де бар. Аргентиналық жас футболшының техникасына жоғары баға берген. Месси Хоссейнидің видеоларының біріне осылай деп пікір қалдырған.

 

 

Ал жақында Араттың инстаграмында тағы бір видео пайда болды. Жаттығу кезінде дарынды бала қатарластарын Месси мен Салахтың стилінде шаң қаптырып жүр.

 

 

Арат Хоссейнидің инстаграмдағы парақшасына 4,6 млн адам жазылған. Олардың арасында Рио Фердинанд, Джон Джонс және Раджа Наингголан секілді жұлдыздар бар.

 

 

 

 

 




Көрілген: 698    Пікірлер: 0

жұма, 15.01.2021, 10:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28